http://pol3-aktobe.kz/kaz/
Нашар көретіндерге
арналған нұсқа
» Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 58 бабына сәйкес емханада пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі құрылды.
Пациентке қолдау көрсету (ішкі бақылау) қызметі медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, егерде Сіз:
Тегін медициналық көмек көрсету көлемінде қызмет көрсеткені үшін ақша сұрау фактісіне тап болсаңыз;
Қызмет көрсету тәртібі  мен сапасына байланысты және де өзге проблемаларға тап болсаңыз, Сіз пациентке қолдау  көрсету (ішкі бақылау қызметі) қызметіне хабарласа аласыз.
Өзіңізге ыңғайлы болу үшін Сіз жазбаша өтінішіңізге аты жөніңізді және байланыс (телефон, мекенжай) жазып, тіркеу бөлімінің қасында орналастырылған өтініш қорабына, сонымен қатар, емхананың pol3-aktobe.kz сайтына немесе 
pol3-aktobe.kz@mail.ru электрондық поштасына жазуыңызға болады. Сенім телефоны 77-12-01,71-32-55.
Пациентке қолдау көрсету қызметі Сіздің өтініштеріңізді  бес күн ішінде қарап, Сізге нәтижелері туралы ақпарат береді.


Тулешева Шынар Шонтыковна — № 3 Қалалық емханасының бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі орынбасары, Пациенттерді қолдау  және ішкі бақылау қызметінің жетекшісі.


Туребаева Шулпан Ханафиевна - сарапшы дәрігер, ДКК төрағасы.


Магзумова Галия Сактагановна- сарапшы дәрігер, мектеп-мектепке дейінгі бөлімінің меңгерушісі.


Багитова Динара Асыловна-сарапшы дәрігер.

Сайт туралы
030000, Республика Казахстан, Ақтөбе қаласы,
12 мөлтек ауданы, 51 «Д» үй.
№3 Қалалық емхана
© 2017, Управление здравоохранения Актюбинской области
Все права защищены
Яндекс.Метрика