http://pol3-aktobe.kz/kaz/
Нашар көретіндерге
арналған нұсқа
» Емхана туралы

Емхана туралы

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздермен  Ақтөбе қаласы, ШЖҚ  «№3 қалалық емханасының» МКК ресми интернет ресурсының беттерінде жолыққанымызға қуаныштымыз.
Біздің сайт – Сіздермен жақын болуға және кері байланыс орнатуға жақсы мүмкіндік.
Сіздердің ұсыныстарыңыз, ескертулеріңіз бізге медициналық көмекті ұйымдастыруды  жетілдіруге , ал біздің мамандардың кеңестері сіздерге аурулардың алдын алуға және емдеуге көмектеседі. 
Біздің сайтымыздан Сіз өзіңізді қызықтыратын ақпараттар туралы біле аласыз. Сондай-ақ,  сұрақтарыңыз бен шағымдарыңызды қалдыруыңызға болады. 
                                          

       Емхана  жайында
Біздің басты міндетіміз – әрқашан қанағаттанған пациент.


Ақтөбе қаласының №3 қалалық емханасы өз тарихын 1960 жылы МЧС №1 құрамынан бастады, 1997 жылы қайта құрылғаннан кейін №3 қалалық емхана болып бөлінді.МКК «№3 қалалық емханасы» 12-шағын ауданында жаңа, заманауи типтік ғимаратта орналасқан. Ол 2014 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілген. «Болашақ» шағын ауданында және «Сазды» ауылында филиалдары бар.
№3 емхана – аралас типті, яғни 51738 халыққа, соның ішінде 13425 балалар, 2222 жасөспірімдер және 36091 ересек тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Бас дәрігер – Нармұхамедов Жәнібек Қараұлы, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау  ісінің үздігі, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі және «Шапағат» медалімен марапатталған.
Емханада 15 мамандық бойынша: терапия, педиатрия, жалпы тәжірибелі дәрігер, акушерлік және гинеколоия, кардиология, эндокринология, оториноларингология, жұқпалы аурулар, онкология, маммология, дерматология, урология сияқты медициналық қызметтер көрсетіледі.
Пациенттердің учаскелік дәрігерге жазылуы телефон, Egov порталы және емхананың тіркеу орнына тікелей өтініш беру арқылы жүргізіледі.
Профильді  мамандар  дәрігерлеріне жазылу учаскелік дәрігер арқылы жүзеге асырылады.
Шұғыл көрсеткішті науқастарды (жоғары температура, кенет ауырсыну, қан кету, т.б.) қабылдау бөлімшелердің меңгерушілерімен жүзеге асырылады.
Емхана құрамына келесідей бөлімшелер: терапия бөлімі, педиатрлық бөлім, психоәлеуметтік көмек және алдын алу бөлімі, гинекология және акушерлік бөлімі, консультациялық-диагностикалық бөлімі, күндізгі станционар және физиотерапия бөлімшелері, амбулаториялық офтальмология және көз микрохирургия орталығы  дамыған.
Емханада 113 дәрігер және 200 орта медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды, оның ішінде 46 дәрігер мен 74 орта буын медицина қызметкерлері жоғары және бірінші біліктілік санатты иеленген.
Емхана жұмысына Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі және бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргізу бағдарламалары сәтті енгізілген. Халыққа қызмет көрсету халықты бекіту тіркеліміне сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жеріне, жұмыс, оқу орны бойынша дәрігерді еркін таңдау құқығын ескере отырып тіркеледі. Емханаға науқастарды жатқызу – тұрақты мекемені таңдауын ескере отырып, науқастарды жатқызу бюросының порталымен жүргізіледі. Жоғары мамандандырылған көмек қажет ететін науқастар ЖММК-мен ауыратын науқастардың тізімі республикалық орталықтарға тегін емделу квотасы және де ауруханаға жатқызу порталы бойынша жіберіледі.
2014 жылы БМСК дәрігерлері мен мамандарына науқастармен телефон арқылы кеңес беру мүмкіндігі беріліп, кабинеттері телефонмен жабықтандырылды.
Емханада тұрғындарға онкологиялық көмек көрсету үшін жоғары санатты дәрігер, онколог-маммолог қызмет көрсететін онкологиялық кабинет жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап №3 қалалық емханасында әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мен алдын алу бөлімі жұмыс істейді. Мұнда әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді, заңгерлер  тегін кеңестер өткізеді, психологтар қабылдау жүргізеді. Психологиялық білімі бар мамандар  «Сенім телефоны» бойынша жоғары деңгейлі қобалжулы, қорқыныш пен агрессиялы, өзін-өзі бағалау деңгейі төмен, тұрақсыз көңіл күйлі науқастарға көмектеседі, отбасылық кеңес беру және балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша ата-аналар тренингін өткізеді, жеке кеңестер береді.
Мамандар эмоционалдық жағдайды көтеруге және емдеу шараларын қабылдауға ынтасын көтеруге оң әсерін тигізеді.
Денсаулықты нығайту үшін емхананың күндізгі станционарға арналған 20 төсек-орын үлкен рөл атқарады. Мұнда диспансерлік топтағы науқастарды емдеу және оңалту жүргізіледі. Күндізгі станционар неше жыл бойында өзінің тиімділігін көрсетіп, жақсы жұмыс істеп келеді, себебі бұл үйреншікті күн тәртібін өзгертпей жұмыс жасайтын денсаулық сақтау құрылымының бірден-бір бірлігі, науқастар денсаулықтарын қалпына келтіре алатын орын. 
Емхананың күндізгі станционарында кепілдік берілген медициналық көмек арқасында тегін ем алады. Біз мұнда миокард инфарктісін басынан өткерген науқастарды, пневномиямен және басқа аурулармен, ең үлкен көңіл мүгедектерге бөлінеді. Дәрі-дәрмекпен емдеуден басқа мұнда науқастар физиотерапиялық процедуралар мен емдік дене шынықтырумен де айналысады.
Қазіргі заманғы техника жабдықтарынсыз жақсы медициналық ұйым болуы мүмкін емес. Қазіргі таңда емханада: флюорография, рентгенография, эндоскопия, УДЗ диагностикалық кабинеттері жұмыс жасайды. Функционалдық диагностика кабинетінде тредмил тест аппараты, артериялық қысымды тәулік бойы мониторлау және холтер ЭКГ, спирограф аппараттары орнатылған. Глаукома кабинетінде көздің анатомиялық ерекшеліктерін  жүзеге асыратын диагностикалық  аппарат бар. 
Емханада ауруларды ерте анықтауға және алдын алуға емдік процестері көбінесе қайта бағыттауға арналған.    

Емхана  миссиясы

Халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, емдеу әдісін жаңа технологиялар арқылы жақсарту және ауруды алдын-алуын күшейту, халықты өз денсаулығына жауаптылықпен қарауды үйрету.

№3 Қалалық емхана құндылықтары

  1. Жоғары білікті медицина қызметкерлері тұрақты өздерінің кәсіптік денгейлерін жоғарлатып отырады
  2. Алға қойылған мақсатқа жету және ұйым көшбасшылығын  көздеу
  3. Өздерінің функционалдық қызметтерін адал және сапалы орындайды, ашық, құрметке ие және сенімді қызметкерлер
  4. Пациенттер әрқашанда риза
  5. Жоғары білікті медицина қызметкерлері тұрақты өздерінің кәсіптік денгейлерін жоғарлатып отырады
  6. Алға қойылған мақсатқа жету және ұйым көшбасшылығын  көздеу
  7. Өздерінің функционалдық қызметтерін адал және сапалы орындайды, ашық, құрметке ие және сенімді қызметкерлер
  8. Пациенттер әрқашанда риза
Сайт туралы
030000, Республика Казахстан, Ақтөбе қаласы,
12 мөлтек ауданы, 51 «Д» үй.
№3 Қалалық емхана
© 2017, Управление здравоохранения Актюбинской области
Все права защищены
Яндекс.Метрика