http://pol3-aktobe.kz/kaz/
Нашар көретіндерге
арналған нұсқа
» » Оқушылардың тамақтануы!
0

Оқушылардың тамақтануы!




Құрметті ата-аналар!
Денсаулық сақтау министрлігі дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі екенін еске салады!

Тамақтану тәртібі, күнделікті тұтынатын астың құрамы бұзылған баланың физикалық және психикалық дамуы баяулап, зат алмасу жүйесі бәсеңдейді. Ата-ананың ұл мен қызын тамақтандыру тәртібіне көптеген фактор байланысты: баланың белсенділігі, зеректілігі, ынтасы және денсаулығы.
Ата-аналардың көбі үйдегі ересектер мен балаға бірдей ас әзірлеп, қатты қателеседі. Егер үлкен адамның асқазаны кешке бесбармақ пен түшпараны қорыта алса, ал балаларға бұл ас ауыр болады. Сондықтан назарларыңызға балаларға арналған дұрыс тамақтану әдісін ұсынамыз. Бұған қоса, уақытылы астану да өте маңызды. Оқушының денсаулығы тамақтану тәртібін тікелей байланысты.
1. Бала кез-келген уақытта қолына түскен тамақты аузына салуды әдетке айналдырмағаны абзал. Ол үшін күніне үш рет негізгі тамақ, екі рет тіске басар беру қажет. Бұл бала үшін маңызды.
2. Белсенді ойыннан кейін және табиғат аясында серуендеп келген соң, баланы бірден тамақтандырмау керек. Баланың тәбеті ашылу үшін 15 минут күтсеңіз, өзі-ақ ас сұрайды.
3. Тамақ жеп отырғанда сөйеп, ойнамауға үйретіңіз.
4. Бала сұйық тамақты толық ішіп қойсын десеңіз, алдына тәтті десерт қоймаңыз.
5. Баланың алдындағы асты жанында жүрген ит, мысықпен бөліспей, толық өзінің жегенін қадағалаңыз.
6. Бала ұйықтар алдын кем дегенде 1,5 сағат бұрын тамақтанғаны дұрыс.
Естеріңізде болсын, балаңыздың денсаулығы – өз қолыңызда!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сайт туралы
030000, Республика Казахстан, Ақтөбе қаласы,
12 мөлтек ауданы, 51 «Д» үй.
№3 Қалалық емхана
© 2017, Управление здравоохранения Актюбинской области
Все права защищены
Яндекс.Метрика