http://pol3-aktobe.kz/kaz/
Нашар көретіндерге
арналған нұсқа
» » Абай Құнанбайұлы
0

Абай Құнанбайұлы



Абай Құнанбайұлы

Туған кездегі есімі
 Ибраһим Құнанбайұлы
Қызметі
ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер
Туған күні
10 тамыз 1845
Туған жері
ҚарқаралыСемей облысы
Азаматтығы
 Ресей империясы
Ұлты
қазақ
Қайтыс болған күні
6 шілде 1904 (58 жас)
Қайтыс болған жері
Семей облысы
Әкесі
Құнанбай Өскенбайұлы
Анасы
Ұлжан
Жұбайы
Ділдə
Шүкіман (Əйгерім)
Еркежан

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.

С.Торайғыров
Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер
  • Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;
  • Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";
  • Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;
  • Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;
  • Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;
  • Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;
  • Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;
  • Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;
  • Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;
  • Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;
  • Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.
Қанатты сөздер
  •  Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
  • Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі.
  •  Тіл жүректің айтқанына көнсе - жалған шықпайды.
  • Ауруды жаратқан құай, бірақ ауыртқан құдай емес.
  •  Үміт үзу - қайратсыздық.
  •  Дүниеде еш нәрсе баянды емес: жамандық та өтеді. 
  •  Ашулы адамның сөзі аз болса - ыза қуаты артында болғаны.
  •  Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас. 
  •  Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сайт туралы
030000, Республика Казахстан, Ақтөбе қаласы,
12 мөлтек ауданы, 51 «Д» үй.
№3 Қалалық емхана
© 2017, Управление здравоохранения Актюбинской области
Все права защищены
Яндекс.Метрика