http://pol3-aktobe.kz/kaz/
Нашар көретіндерге
арналған нұсқа
» » Медсақтандыру қоры – пациенттің құқығын қорғаушы
0

Медсақтандыру қоры – пациенттің құқығын қорғаушы


Медсақтандыру қоры – пациенттің құқығын қорғаушы

Медициналық сақтандыру қоры (МСҚ) азаматтар үшін медициналық қызметтерді сатып алады, яғни, пациенттің мүддесіне қарай, жеткізушілермен шарттық қарым-қатынас жасайды.

Қордың медициналық көмектің көлемі мен сапасын бақылауға толық өкілеттігі бар. Мониторинг медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың барлығына бірдей жүргізіледі. Қордың 17 филиалының кәсіби дәрігер-сарапшылардан құралған құрылымдық бөлімшелері бар. Олардың міндеті – емдеу сапасының жоғары болуын бақылау.

Қызметін абыроймен атқаратын медициналық қызмет көрсететін компанияларды қор ұзақ мерзімді шарттармен, үздік жұмысы үшін түрлі бонустармен қолдайтын болады. Бағалау барысында тұтынушылардың медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне деген көзқарасы ескеріледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) сарапшылары көрсетілген медициналық көмек сапасын пациенттің маршруты бойынша бағалайды. Яғни әрбір сатыда, әрбір өнім беруші бойынша қорытынды шығарылады. Осы мақсаттар үшін үшдеңгейлі мониторинг жүйесі құрылды.

Бірінші кезеңде белгіленген емдеу стандарттарына сәйкестікті тексеру қашықтықтан, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде жүргізіледі. Екінші кезеңде медициналық қызмет көрсететін компанияның өндірістік базасына бару қарастырылған. Үшінші кезеңде жоғары технологиялық және қымбат тұратын қызметтер көрсететін ұйымдардағы медициналық қызметтердің сапасы бағаланады.

Сараптаманың күрделілігіне байланысты әрбір кезеңде бұл мәселемен біліктілігі жоғары мамандар айналысады. Мысалы, жоғары санаттағы сарапшылардың міндеті – пациент дертінің асқынуына немесе адамның қайтыс болуына әкеп соққан себептерді егжей-тегжейлі талдау. Болашақта мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін ұсыныс айту.

Келер жылдан бастап сараптама медициналық көмектің екі пакеті бойынша жүргізіледі: сақтандырылған және кепілдік берілген. Ал мониторинг процесін автоматтандыру мен сапа индикаторларын әзірлеу және басқа да жаңашылдықтар жұмысты жылдам әрі тиімді түрде атқаруға мүмкіндік береді.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сайт туралы
030000, Республика Казахстан, Ақтөбе қаласы,
12 мөлтек ауданы, 51 «Д» үй.
№3 Қалалық емхана
© 2017, Управление здравоохранения Актюбинской области
Все права защищены
Яндекс.Метрика