http://pol3-aktobe.kz/kaz/
Нашар көретіндерге
арналған нұсқа
» » » Шылым шегуден бас тарту кабинеті
0

Шылым шегуден бас тарту кабинеті

Жауапты: психолог — Бабакулова А. С. Шылым шегуден бас тарту кабинетінің міндеттері:

1. Шылым шегуден бастаруға дайын адамдарға ақыл кеңес, көмек беру.
2. Пациенттер арасында темекі шегуді азайту аспектілері бойынша медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдыларын арттыру.
3. Шылым шегуден бас тарту бөлмесіне қатысатын науқастар үшін темекі шегуді тоқтату дағдыларын үйрету
4. Қызмет көрсетілетін аумақ тұрғындарының хабардарлығын арттыру.
5. Шылым шегуден бас тарту және салауатты өмір салтын ұстап тұру үшін шылым шегуді қоюға ынталандыру.

Шылым шегуден бас тарту кабинетінің ЖОСПАРЫ

1. Науқастармен әңгіме жүргізі, сабаққа шақыру.
2. Анықталған шылым шегушілер арасында семинар-тренингьер өткізу.
3. Видеофильмдер көрсету, ақпарат құралдарын тарату.
4 Пациенттер арасында сауалнамалар жүргізу.
5. Тұрғындар арасында шылым шегудің алдын алу жұмыстары негзінде акциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек столдар.
6. Медицина қызметкерлерінің арасында семинар- тренингтер өткізу.
7. Шылым шегуден бас тартудың алдын алу мақсатында, пациенттермен жеке сабақтар жүргізу.
8. Шылым шегуді тастаушыларға ақыл кеңестер және ұсыныстар.




Шылым шегудің зияны.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын әлемде 3 миллион адам темекіден көз жұмады,  яғни әр 13 секунд сайын темекі шегуден бір адам өледі.Зерттеулер көрсеткендей, АИТС инфекциясынан гөрі темекі шегуден  50 есе көп адам көз жұмады.
ДДҰ деректері бойынша  шылымшегудің арты 90-95%  өкпе обыры, 45-50%  обырдың барлық түрлері және 20-25% жүрек қан тамырлары ауруларына әкеліп соқтырады. Шылым шегетін ер адамдар арасында  өкпе обырынан  өлу қаупі шылым шегетіндерге қарағанда 22 есе жоғары.
Шылым шегу — еріннің, ауыз қуысының және өңештің қатерлі ісіктерінің пайда болуының негізгі себебі.
Шылым шегуден айтарлықтай  экономикалық шығындар байқалады.
Темекі түтінінен  4000-нан  астам белгілі  химиялық заттар бөлініп шығады және адамзат органдарында   обыр тудырады. Жабық  жерлерде шылым шегулермен шекпейтіндерге темекі түтінінің зияны бірдей әсер етеді.  700 миллионға жуық балалар немесе жартысы дүние жүзінде темекі түтінінен зардап шегеді.  40%  жуық балалардың ата — аналарының біреуі шылым шегеді.  2004 жылы темекі түтінініңсебебінен  600 000 жуық жағдайлар ерте балалар өліміне әкеліп соқтырды.





Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сайт туралы
030000, Республика Казахстан, Ақтөбе қаласы,
12 мөлтек ауданы, 51 «Д» үй.
№3 Қалалық емхана
© 2017, Управление здравоохранения Актюбинской области
Все права защищены
Яндекс.Метрика